Восточно-Казахстанская область

ШҚО-да полицейлер демалыс базаларына апаратын тасжолдарды дрон арқылы бақылайды


 Фото: 

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жаз бойы демалыс базаларына апаратын тасжолдарды дрон арқылы қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» жолын дрон патрульдеген. Биыл да осы әдіс жалғасын табады. Дрон өңірдегі демалыс базаларына апаратын жолдарға жұмылдырылмақ.

«Жаз кезінде халықтың демалыс орындарына жаппай баруына байланысты тасжолдардағы көлік ағынының қарқыны айтарлықтай артты. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында департамент ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасырын патрульдеу жұмыстарын жүргізуде», — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, дрон жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтайды. Атап айтқанда, қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты арттыру.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде жол апатынан 4 полицей зардап шеккенін хабарлаған едік.

Другие новости

Back to top button