Іскерлік және экономикалық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін табуға мүдделілердің бәрін шақырамыз — Президент
Өткен жылы Қазақстанның экспорты 40 пайызға өсті. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сонымен қатар біз шетелдік серіктестеріміздің тарапынан өзара жауапкершілікке үміт артамыз. Біздің саясатымыздың негізгі принциптері де соған негізделген. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық дамуында өте маңызды рөл атқаратын шағын және орта бизнес үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызады», — деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қазақстанның экспорты 40 пайызға өскенін атап өтті.
«Жалпы ішкі өніміміздің едәуір бөлігі әлі де энергетика секторына тиесілі болса да, әртараптандыруға деген ұмтылысымыз күшейе түсуде. Біз автомобиль, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау сияқты салаларда өсімді көріп отырмыз. Біз іскерлік және экономикалық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін табуға мүдделілердің бәрін шақырамыз», — деді Президент.