Еліміздің зейнетақы қорындағы 3 млрд доллар шетелдік компанияға аударылды
Ұлттық Банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің сомасы 13,3 трлн теңгеден асты
ҚР Ұлттық банкі шетелдік компаниялардың басқаруына қазақстандықтардың 3 мллиард доллардан астам зейнетақы активтерін берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі LS-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық банкте LS сұранысына жауап ретінде шетелдік компанияларды тарту «жаһандық акциялар», «дамушы нарықтардың облигациялары» және «инвестициялық деңгейдегі корпоративтік облигациялар» мандаттары бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.
«2018 жылдың наурызынан 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін сегіз шетелдік басқарушы ұйымға зейнетақы активтері 3,02 млрд доллар берілді, сыртқы басқарудағы активтер бойынша инвестициялық табыс сомасы 180 млрд теңгені құрады», — деп хабарлады Ұлттық Банк.
Aviva Investors компаниялары бөлінісінде «дамушы нарықтардың жаһандық облигациялары» мандаты бойынша 220 млн доллар, HSBC – 400 млн доллар, Robeco және BlackRock (USA) – әрқайсысы 200 млн доллар, BlackRock (UK) және UBS «жаһандық акциялар» мандаты бойынша – әрқайсысы 250 млн доллар, PGIM және principal «инвестициялық деңгейдегі жаһандық корпоративтік облигациялар» мандаты – әрқайсысы 750 млн доллар.
Зейнетақы активтерінің табысы 2018 жылдың наурызынан 2022 жылдың шілдесіне дейін жаһандық акциялар бойынша 137,7 млрд теңгені, корпоративтік облигациялар бойынша 31,1 млрд теңгені, дамушы нарықтардағы мемлекеттік облигациялар бойынша 11,5 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, БЖЗҚ мәліметтері бойынша 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық Банктің басқаруындағы зейнетақы активтерінің сомасы 13,3 трлн теңгеден асты.
Портфельдегі негізгі үлесті Қаржы министрлігінің МБҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар) алады. Олардың қазіргі құны 5,6 трлн теңгені құрады (үлесі – 42,29%). Бұдан әрі квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 1,7 трлн теңге (12,7%), қазақстандық банктердің облигациялары – 927,17 млрд теңге (6,93%), шет мемлекеттердің МБҚ – 308,79 млрд теңге (2,31%), сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары – 396,99 млрд теңге (2,97%).
Сонымен қатар, ұлттық валютадағы инвестициялардың үлесі 68,6%-дан, долларда – 31,2%-дан, басқа валютада – 0,08%-дан асты. Жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 352,5 млрд теңгені құрады, кірістілік – 2,47%.
Өз кезегінде жергілікті қазақстандық компаниялардың басқаруында 8,8 млрд теңгеге активтер бар. Jusan Invest-те – 4 млрд теңгеге (2022 жылдың басынан бастап табыстылық 0,35%-ға жетті), Halyk Global Markets-те – 2,4 млрд теңгеге (-5,24%), BCC Invest – 1,4 млрд теңгеге (-4,88%), «Сентрас Секьюритиз» – 920 млн теңгеге (-2,04%).