Госорганы

Биыл астық түсімі 16 млн тонна көлемінде болады — АШМ

 Ауыл шуаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биыл шілде-тамыз айларында батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қалыпты нормадан сәл аз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Былтыр астықтың түсімі жаман болған жоқ — орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болды. Биылғы астық шығымының болжамы қандай?» деп сұрады Премьер-Министр.

Министрдің айтуынша, нақты болжам айтуға әлі ерте.

«Шаруалар егіс егуді қатаң, оңтайлы мерзімде аяқтап жатыр. Топырақта жиналған ылғалды сақтау бағытындағы жұмыс та мерізімінде аяқталды. «Қазгидрометтің» берген деректері бойынша, маусым айында жауын-шашынның мөлшері республиканың басым бөлігінде орташа жылдық нормада болады деп болжанып отыр. Шілде-тамыз айында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде нормадан сәл аз болады. Басқа өңірлерде жауын-шашын болжамы — нормаға сәйкес. Егіннің азды-көпті дәл болжамын жасау үшін өскіннің шығу мерзімін күту керек. Қазір алдын ала факторларды ескергендегі болжам мынадай — бидай жалпы жиналатын 16 млн теңге деңгейінде болжанып отыр. Астық шығымы жаман болмайды», — деді Ербол Қарашөкеев.

Другие новости

Back to top button