Павлодарская область
«Десантшымын деп таныстырды»: Павлодар облысында іш киіммен стадионды күзеткен ер адам жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында өзін десантшымын деп таныстырып, іш киіммен стадионды күзеткен мас ер адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Рolisia.kz порталы хабарлайды.
Оқиға Павлодар облысының Ертіс ауылында орын алды. Ер адам стадионды іш киімімен аралап жүрген.
«Полиция шақыртуына келген 41 жастағы ауыл тұрғыны өзінің десантшы екенін, орталық стадионды күзетіп жүргенін айтты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді полиция.
Материал сотқа жіберіліп, шешім бойынша ер адам жеті тәулікке қамауға алынды. Оған үш айға арнайы талаптар қойылды.
Одан бөлек, «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.