Жетысуская область

Жетісу облысында 3 жастағы баланың денесі табылды

Жетісу облысының Панфилов ауданында жоғалған 3 жастағы баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«20 мамыр күні Панфилов ауданының полициясына Алмалы ауылының тұрғыны шағымданды. Ол 3 жастағы баласының жоғалып кеткенін жеткізді. Анықталғандай, бала далада ойнап жүріп, жоғалған. Баланы іздестіруге 100-ден аса адам жұмылдырылды. Оның ішінде ауыл тұрғындарымен қатар полиция және әскери қызметкерлер де бар. Баланың мүрдесі арықтан табылды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, баланың денесі үйінен 3 шақырым жерден табылған. Болжам бойынша, бала каналға құлап, оны судың қатты ағыны алып кеткен.

Другие новости

Back to top button