Восточно-Казахстанская область

Өскеменде әжетханада студент қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс аяқталды

 Өскемен қаласында әжетханада студент қыздың соққыға жығылуына байланысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Наурыз айының соңында «АДК» сауда үйінің әжетханасында колледжде оқитын бойжеткен соққыға жығылған болатын. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді.

Сол кезде облыстық Полиция департаменті осыған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Қызды соққыға жыққан мектеп оқушысының Өскемен қалалық білім бөлімінде қызмет еткен анасы бұл оқиғадан кейін өз еркімен жұмыстан шығып кеткен болатын.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта күдікті адамдарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің бірнеше бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс өндіріспен аяқталды.

«Процеске қатысушылар тергеу нәтижелерімен таныстырылды. Қылмыстық істің заңдылығын зерделеу және әрі қарай сотқа жолдау мәселесін шешу үшін Өскемен қаласының прокуратурасына жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараты жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button