Госорганы

Орман алқаптары маңынан су көзі мен өрт тоғандарын дайындау қажет

Орман алқаптарының маңында су көздері мен өрт тоғандарын дайындау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қостанай облысында өткен жылы болған өрт тәжірибесі көрсеткендей, тілсіз жауды тез арада сөндіру үшін Экология және Төтенше жағдайлар министрліктері орман алқаптарының маңында су көздері мен өрт тоғандарын дайындауы тиіс», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының атап өтуінше, олар өрт сөндіру техникаларына ғана емес, сонымен бірге тікұшақтардың да су алуы үшін қажет.

«Жалпы, Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, еліміздегі орман және дала өрттерінің алдын алу мен жою жөніндегі арнайы ведомствоаралық жоспардың іске асырылуын күнделікті бақылауға алуы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Другие новости

Back to top button