Карагандинская область
Қарағандыда 2 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды
Қайғылы оқиға 9 мамырда болған
Қарағанды қаласында екі жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Е-karaganda басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 9 мамырда қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде болған.
«Жетінші қабаттан құлап кеткен сәби жарақат алып, сол жерде көз жұмды», — делінген хабарламада.
Ақпаратты Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады. Құтқарушылар ересектерді абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.