Жетысуская область

Текеліде сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен секіріп кетті

Текеліде сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен полиэтилен пакетін парашют етіп ойнап жүріп, секіріп кетті деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 25 сәуір күні сағат 12:20-да болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала полиэтилен пакетімен ойнап жүріп, парашют етіп, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

“Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына кішкентай жарықшақ диагнозымен жатқызылды», – деді құтқарушылар.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қазақстандықтарды балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға шақырады.

Другие новости

Back to top button