Шымкент

«Мың теңгеге ғана толтырады»: Шымкентте газ тапшылығы дүрбелең туғызды

Шымкент тұрғындары автогаз тапшылығына шағымданады. Жүргізушілер жанармай құю бекеттеріне таңертең ерте бару керектігін айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТКарнасына сілтеме жасап.

 

Шымкентте көп жүргізушілер отынсыз қалды. Газ сатуға шектеу қойылған. Бір бак тек мың теңгеге толтырылады.

“Таңғы сағат 7-де жанармай құю бекетінің жанына барсаң, көліктер толып тұрады. Осы уақытқа дейін қалағанынша толтыратынбыз. Бірақ соңғы төрт күнде мың теңгеге ғана толтыруға болады. Екінші айналып келсең де, құймайды. Сағат 11-ден кейін мүлде табылмайды”, – дейді жүргізуші Давран Шәкіржанұлы.

Жүргізушілердің айтуынша, кейбір жанармай құю бекеттері бір аптадан астам уақыт бұрын босай бастаған. Ал соңғы бірнеше күнде тапшылық сезіле бастады.

Шенеуніктердің айтуынша, қалада барлығы 224 газ құю станциясы бар және олардың тек 75 -де жанармай бар. Энергетика басқармасы ешқандай шектеусіз жанармай құюға болатынын айтты. Лимиттерді белгілеу заңсыз, сондықтан тұрғындардан осындай фактілер туралы әкімдікке хабарлауды сұрады.

Қалада жергілікті мұнай өңдеу зауытын жөндеуге байланысты тоқтатқандықтан, тапшылық байқалды дейді шенеуніктер. Алдағы күндері басқа аймақтардан жеткізілім есебінен жағдайды түзетуге уәде берілді.

“Кем дегенде 12 вагон Шымкент қаласына түседі. Компаниялар өз шоттарын төлеп үлгерді, ертеңнен бастап сатуда. Ал ертеңнен кейін тапшылық болмайды”, – деді Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы бөлімінің бас маманы Ілияс Есжанов.

Другие новости

Back to top button