Математика мұғалімі оқушыға: Сейчас раздавлю
Ақтауда 5 сынып оқушыларының ата-аналары 14-ші шағын аудандағы No1 мектептің математика пәні мұғалімінің жөнсіз әрекетіне шағымданды, — деп Лада порталы хабарлайды.
Балаларға қолын бұлғап, қорқытқан мұғалімді оқушылардың өздері жасырын түсіріп алған. Жазбада мұғалімнің оқушының біріне: «Сейчас раздавлю» дегені естіледі. Ата-аналардың айтуынша, оқиға 20 ақпанда болған.
«Бұрын балалар мұғалімнің қатал екенін айтатын еді, біз бұған аса мән бермедік. Бірақ видеоны көргеннен кейін олар оны көпшілікке жариялауды ұйғарды. Балалармен тіл табысып, оларға тербелуге болады ма. Бұл мұғалімнің қолайсыз әрекеті», — дейді ата-аналар. Маңғыстау облысының білім басқармасы аталған оқиғаға байланысты мектепте қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлады.Мұғалімге сөгіс беріліпті деп хабарлайды Лада.