Павлодар облысында бір апаттан аман қалған жігітті екінші көлік қағып өлтірді
Қаза тапқан ер адам бірінші өз көлігімен апатқа ұшырап, ішіндегі жолаушыларды құтқарып, сыртқа шығарған
Павлодар облысында болған жан түршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр: бейнежазбада көрініп тұрғандай, аударылған көліктің жанында тұрған үш адамды жол талғамайтын көлік келіп қағып кетеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полицияның мәліметінше, апат кеше, 22 қаңтар күні болған.
«22 қаңтарда сағат шамамен 18:00-де Павлодар — Қызылорда автожолының 1293-шақырымында үш көлік: ВАЗ 2110, Toyota Camry, Mercedes-Benz GL 450 қатысуымен жол апаты болды»,-деп жазады polisia.kz сайты.
Апат кезінде ВАЗ 2110 көлігініңжүргізушісі, 25 жастағы жігіт оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапқан. Куәгерлердің айтуынша, ол такси жүргізушісі болған және трассада алдымен оның көлігі аударылып кеткен. Жүргізуші көлігіндегі адамдарды сыртқа шығарып, тас жолымен ағылып жатқан көліктерге апат болғаны туралы ескерту жасап жүрген.
Бейнежазбада анық көрініп тұрғандай, аударылған көліктің жанында тұрған үш адамды кенет тағы бір көлік соғып кетеді.
“Апат кезінде тағы төрт адам зардап шекті. Олардың бірі кәмелетке толмаған адам. Әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды”, — деп хабарлайды полиция қызметкерлері.