ГлавноеГосорганы

Төтеншеліктерге аса қауіпті тапсырманы орындағаны үшін үстемеақы төленуі мүмкін

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап құтқарушыларға аса қауіпті жұмысты істегені үшін қосымша 70 пайыз үстемқы есептелінуі мүмкін. Бұл қаулы жобасын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі әзірлеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қоғам талқысына түскен құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

«Құтқарушыларға және құтқарушы функцияларын орындайтын басқа да қызметкерлерге адам денсаулығына, өміріне зиян келтіру қаупіне байланысты жұмысы үшін лауазымдық жалақының 70% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Көрсетілген қосымша ақыны төлеу тәртібі мен шарттарын азаматтық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді», — делінген қаулы жобасында.

Айта кетейік, «Ашық» НҚА порталында жарияланған бұл жобаға қатысты кез келген қазақстандық 25 қаңтарға дейін өз пікірін білдіре алады.

Другие новости

Back to top button