Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам іздестіріліп жатыр
Олар Байжансай тауына екі автокөлікпен жолға шыққан
Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылдың 5 қаңтарында сағат 10:00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі автокөлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды. Ауа райына жағдайына байланысты ТЖМ тікұшағын жұмылдыру жоспарлануда», — делінген хабарламада.
Жоғалған адамдар соңғы рет 3 қаңтар күні сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан. Өтініш иесінің айтуынша, жоғалған адамдар 3 қаңтарда Шымкент қаласына қайтулары керек болған.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті дауыл ескертулерге құлақ асуға кеңес береді. Тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа-райымен міндетті түрде танысыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар, сізде зарядталған телефон мен паурбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.