Выбор редакцииШаңырақ

Ажырасуға өтініш беретіндердің 90 пайызы әйелдер — екі әйел тастаған актер

КВН ойнап елге танылған, кейіннен киноактерлікке бет бұрған Дәурен Айдарқұлов бүгінгі таңда ажырасуға өтініш беретіндердің 90 пайызы әйелдер екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Біз ажырассақ, барлық отбасыны мәселені шешіп тастайтындай көреміз. Одан кейін мүлде қиындық тудырмайтын жар табамыз деп те ойлаймыз. Алайда бұл біз ойлағандай оңай бола бермейді. Біздің қателігіміз кінәні өзімізден емес, өзгеден іздеуімізде,

— дейді Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында.

Ол осы ретте елдегі ажырасуға қатысты статистиканы да келтірді.

Біз өзіміз түзелмегенше, екінші жартымыз да өзгермейді. Статистикаға сүйенсек, ажырасуға өтінішті 90 пайыз жағдайда әйелдер береді екен. Бұл тек олардың шешімі дегенді білдірмейді,

— дейді актер.

Дәурен Айдарқұлов
Дәурен Айдарқұлов бүгінгі таңда ажырасуға өтініш беретіндердің 90 пайызы әйелдер екенін айтты

Оның айтуынша, бұл балалары мен әйелі үшін жауапкершілікті мойнына ала алмаған ер адамның да шешімі. Отбасы үшін күресуден бас тартқан отағасының да шешімі.

Мұнымен не айтқым келіп отыр? Әр адам отбасы мәселесінде жауапкершілікті өз мойнына ала білуі тиіс,

— дейді Дәурен Айдарқұлов.

40 жастағы актер осыған дейін екі рет ажырасқан. Ол алғаш Баян есімді аруға үйленіп, отау құрған. Бірінші жары оған үш бала туып бергеніне қарамастан актер кезекті фильмде бірге ойнаған актриса Ақбота Сейітмағамбетпен шаңырақ көтерген. Өкінішке қарай, арада үш жыл өткенде актриса мен актердің махаббатына нүкте қойылып, екі жаққа кеткен болатын. Ақбота Дәуреннің төзімсіз болмысына налып, ажырасуға бел буғанын сұхбаттарында бірнеше рет айтып берген еді.

Другие новости

Back to top button