Димаш Құдайберген бұл туралы Instagramпарақшасында жазды. Әлемді мойындатқан талантты ұл алғашында еліміздегі бұл жағдай туралы өз парақшасында жазғысы келмепті. Өйткені оқырмандары арасында алыс-жақын мемлекеттердің азаматтары бар.
Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді,
Алайда әнші далада қалған халықтың, соның ішінде аналардың көз жасы үшін мәселені ашып жазуды жөн көрген.
«Далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін,