Павлодарская область

Екібастұз тұрғындары ыстық су жайылған пәтерлерін тастап кетіп жатыр

Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің кейбіріне жылу қайта қосыла бастаған. Бірақ аязды күні қатып қалған жылу батареялары температураға төтеп бере алмай, жарылып жатыр. Салдарынан пәтер ішіне ыстық су жайылып, ондағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр, деп хабарлайды Экспресс К

Екібастұздықтардың қыс ауасындағы қиын жағдайы туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бейнежазбадан ыстық су жайылған пәтер ішін байқайсыз. Төбеден төменгі қабаттарға тамшылаған судан қабырғалар бүлініп, еден көлге айналған. Соның салдарынан ондағы тұрғындар шаңырағын тастап көшіп жатыр.

Десе де, қалалық әкімдіктегілер төтенше жағдай режимін енгізу нәтижесінде ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз ететін жылыту пункттері ұйымдастырырлғанын хабарлада.

Онда тұрғын үй-жайларда батареяларды жібіту немесе жылу болмаған жағдайда әкімдіктің сенім телефонына хабарласу қажеттігі көрсетілген.

+7(7187)740041;

+77002997806;

WhatsApp: 87013387624;

+77076279332

телефон 112.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде шығын көрген азаматтар Екібастұз қаласы әкімінің атына өтініш жаза алады. Өтінішті тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді. Оған керек құжаттар:

— өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);

— нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы;

— зақымдану себебі.

Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжайлар бойынша қабылданады:

1) № 17 орта мектеп — Рабочая көшесі 1 мекенжайы бойынша жылу пункті;

2) № 4 орта мектеп — Абай көшесі 84 ​​мекенжайы бойынша жылу пункті;

3) No 23 орта мектеп — Сәтбаев көшесі 24 мекенжайы бойынша жылу пункті;

4) No 36 орта мектеп — Сәтбаев көшесі 23 мекенжайы бойынша жылу пункті;

5) No 22 орта мектеп — Әуезов көшесі 54а мекенжайы бойынша жылу пункті;

6) No 21 орта мектеп — Петренко көшесі 7 мекенжайы бойынша жылу пункті;

7)»Өнер» МКК — Әуезов көшесі 62а мекенжайы бойынша жылу пункті;

8) музыкалық мектеп — Әуезов көшесі 55/1 мекенжайы бойынша жылу пункті.

Еске салайық, Экспресс К бұған дейін Екібастұзда қала тұрғындары жылусыз қалғанын жазған еді. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланды.

Другие новости

Back to top button