ГлавноеГосорганы

Денсаулық сақтау министрі белгілі ақын Жүрсін Ерманның жағдайы туралы пікір білдірді

Ақынның жағдайы туралы министр Ажар Ғиният пікір білдірді

Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы, белгілі ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Танымал тұлғаның ауруханада жатқаны туралы жыршы-термеші, айтыскер ақын Дидар Қами әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен», — деп жазды Дидар Қами.

Жүрсін Ерманның денсаулық жағдайына қатысты пікір білдірген министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қазіргі сәтте ақынға тиісті ем-дом жасалып жатыр.

«Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек», — деді А. Ғиният.

 

 

Другие новости

Back to top button