Выбор редакцииСпорт

Қатар әмірі Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды

Футболдан әлем чемпионаты Қатарда қараша айында басталады

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни президент Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан әлем чемпионатын тамашалауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алдағы айдың аяғында Қатарда футбол чемпионаты басталады. Президент мырзаны футбол чемпионатына келуге шақырамын. Қазақстанда ол уақыттарда президент сайлауы, көптеген саяси науқан жүріп жататынын білемін. Бірақ осы чемпионатқа келеді деп үміттенемін», — деді шейх Тәмим Ақордада БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Айта кетері, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатар елінде өтеді.
11 қазанда Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Бүгін президент Ақордада оны салтанатты түрде қарсы алды. Қатар әмірі мен Қазақстан президенті шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді.

Другие новости

Back to top button