Госорганы

Мәжіліс төрағасы елдегі ахуалға байланысты жастардың жұмыссыз қалмау керектігін айтт

Ерлан Қошанов жастар саясатындағы жаңа өзгерістер жағдайды ушықтыруға жол бермейтініне сенім білдірді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жастар саясаты мәселелері бойынша заң жобасы қарастырылды. Осы ретте төменгі палата депутаттары ресейлік азаматтардың елге көптеп келуіне байланысты қазақстандық жұмыссыз жастардың еңбек нарығындағы жағдайларына алаңдаушылық танытты.

Өз сөзінде Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі ведомство өзіне тиесілі міндетті атқарып және күнделікті мониторингтік жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Бұл мәселеде барлық құрылымдар жұмыс істеп жатыр. Біз де мониторинг жүргізіп отырмыз. Әсіресе осыған байланысты арандату болмау жағдайын, дүрбелең туғызбауын қадағалаудамыз. Мәселен күні кеше ғана Павлодарда ковид орталығына ресейліктерді орналастырыпты деген фейк ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайтынын біз анықтадық. Ақапарат министрлігі өз саласының деңгейінде жұмыс істеп жатыр», — деді министр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та жастар саясатындағы жаңа өзгерістер жағдайды ушықтыруға жол бермейтініне сенім білдірді.

«Бұл бір Ақпарат министрлігінің ғана емес, бүкіл Үкіметтің және әсіресе жергілікті биліктің мәселесі. Сондықтан бұл мәселеге баса назар аударып, сондай-ақ, жастар саясатына қатысты қабылданғалы жатқан заң жобасы осыған ықпал ететініне мен сенімдімін. Бұған дейін біз NEET (авт. Уақытша жұмысқа орналаспаған жастар) жастарының анықтамасын және статистикасын дұрыс білмейтінбіз. Сондықтан да бұл мәселеге біздер де депутаттар да кірісуіміз керек», — деді Ерлан Қошанов.

 

Другие новости

Back to top button