Павлодарская область
Павлодарда 15 оқушы бұрыш баллонын шашып, ауруханаға түсті
23 қыркүйек күні таңертең Павлодардағы орта мектепте оқыс оқиға болды: белгісіз біреу мектептің екінші қабатына бұрыш баллонын шашқан. 15 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Тілекжан Галямов мектептен 672 оқушы эвакуацияланғанын мәлімдеді.
15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мен Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.