Атыраудағы өртті сөндіру үшін тікұшақ пайдаланылады
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Асхат Ержанов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
20 қыркүйек күні 08:57 сағатта Атырау қаласы, Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде қамыстың жанды. Соңғы мәліметтерге сәйкес жану аумағы ұлғайып, шамамен 60 гектарға жеткен.
Өртті сөндіру жалғасуда. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Департаментте жедел штаб құрылды. 21 қыркүйек күні 07:00 сағатта Кеңөзек селолык округінде болған өртті әуеден сөндіру жумыстарына «КазАвиаспас» АҚ арқылы МИ-8 тікұшағы пайдаланылмақ, — деді Асхат Ержанов.
Сондай-ақ оның айтуынша, қазіргі уақытта өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 31 қызметкері және 10 техникасы, 1 су көлігі, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығының 20 жұмысшысы және 5 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 3 жұмысшысы мен 3 техникасы, ерікті өрт сөндіру жасағының 15 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылған