Жетысуская область
Жетісу облысында 2 жасар сәби жүк көлігі дөңгелегінің астында қалып мерт болды
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында екі жасар қыз бала жүк көлігі дөңгелегінің астында қалып мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 18 қыркүйекте болған. Аудандық полицияға сәбидің өлімі туралы ақпарат келіп түскен.
«Жеке үйлердің бірінің ауласында екі жасар қызды абайсызда жөндеу үшін қойылған DAF жүк көлігі басып қалғаны белгілі болды. Кербұлақ ауданының полицейлері бұл оқиға бойынша жан-жақты тексеру жұмыстарын бастады», — делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.