Социум

«80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады»: Дина Төлепберген ел күтпеген статистиканы бөлісті

Танымал журналист, қоғам белсендісі Дина Төлепберген отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдердің статистикасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналистің айтуынша, зорлық-зомбылық көрген әйел саны нақты ресми мәлімет екен.

“Бүгін Салтанаттың соққыға жығылған кей видеоларын көріп, жүрегіміз қанжылады. Қандай жауыздық… Бірақ жазықтының бір күрсінгенін байқамадым. Өзін ақтап, қиыннан қиыстырып әлек. Бұл сот барлық шоудың төресі болды-ау”, – деп жазды тележүргізуші.

Сонымен қатар күйеуінен таяқ жеп, ажал құшатын әйелдердің статистикасын да жариялады.

“Статистикаға сенсек, елімізде жыл сайын кемі 80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады екен. 5 мың әйел соққының құрбаны болып жатыр. Бұл полицияда тіркелген істер ғана. Расында, қаншама әйел үндемей үрейленіп, таяқтың астында күн кешіп отыр. Егер сізді күйеуіңіз ұрып-соқса, басыңызды бұқпаңыз. Дабыл қағыңыз! Қызға қол көтерген қылмыскер түрмеге өмір бойына тоғытылсын!”, – деп ашынды Дина Төлепберген.

Еске салайық, Бишімбаев Нүкенованы өлерінің алдында бірнеше рет ұрғанын айтты.

Сондай-ақ экс министр келіншегін отбасылы еркектермен жүрген деп айыптады.

Другие новости

Back to top button