Госорганы
75 млн теңге пара алып Грузияға қашып кеткен мемқызметкер 10 жылға сотталды
Грузиядан экстрадицияланған БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының бұрынғы қызметкері аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, оның 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункті арқылы көлік құралдарының кедергісіз өтуі үшін 75 720 000 теңге сомасында пара алғанын дәлелдеді.
«Сотталған мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан және 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мүлікті тәркілеуді қолданып сотталушыдан пара сомасын өндіріп алды», — делінген прокуратура хабарламасында.