Главное

«7 баланың анасын терезеден лақтырып жіберген»: Шымкентте әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам ұсталды

Шымкенттік ер адам балаларының көзінше 42 жастағы әйелін өлтірді деп күдікке ілінді. Полиция ер адамның ұсталғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға ақпан айының басында болған. Мәліметтер бойынша, отбасының әкесі жеті баланың анасын ауыр затпен ұрып, кейін ас үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Полиция күдіктінің қамауға алынғанын айтты.

«Полиция әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте мәйіті табылған әйелдің туыстары марқұмның өзіне қол салғанына сенбейтіні айтылды.

Другие новости

Back to top button