Госорганы

6,1 мыңнан астам этникалық қазақ жыл басынан қандас мәртебесін алды

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы, нақты айтқанда 53,9% – Өзбекстаннан, 19,1% – Қытайдан, 12,1% – Ресейден 5,6% – Түрікменстаннан, 5,7% – Моңғолиядан, және 1% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,9% және зейнеткерлер 8,3% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 18% – жоғары білімді, 38,6% – орта кәсіби білімді, 37,4% – жалпы орта білімді және 5,9% – білімі жоқ.

Другие новости

Back to top button