Социум

«5 немере сыйлағаның үшін»: келініне гауһар тасты әшекей жинағын сыйлаған ене елді сүйсінтті (видео)

Әлеуметтік желіде бес немере сыйлаған келініне бағалы әшекей тарту еткен ененің видеосы тарады. Немерелерінің анасына сыйлық сыйлаған әйел көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео shyndykz парақшасында жарияланды.

«Осыдан 11 жыл бұрын әдемі той өткіздім. Аллаға мың да бір тәубе. Келініме мың да бір алғыс. Үйімнің атынан, отбасымның, қыздарымның атынан келініме ақ алтыннан жасалған гауһар тасты жинақ сыйлағым келіп отыр. Бұл келініме тосынсый», — дейді видеода сөз сөйлеген әйел. Сонымен қатар видеода «Бес немере сыйлағаның үшін деп, гауһар тасты жинақ сыйлады», — деп жазылған.

Ал желі қолданушылары ене мен келін арасындағы сыйластыққа сүйсінгенін айтып, ақ тілегін жаудырды.

«Керемет», «Осындай ене бұйырсын», «Қандай тамаша», «Сыйластыққа не жетсін», «Жарайсыздар», «Қандай парасатты ене», «Сыйлағанның құлы бол деген осы ғой», «Бақытты болыңыздар», «Ұрпағыңызбен мың жасаңыз», — деп жазды желідегілер.

 

Другие новости

Back to top button