Главное

«5 күн уақыт берген»: Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тың ақпарат белгілі болды

Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тың ақпарат жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Orda.kz сайты Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өлімі жайлы жазды.

2024 жылы 7 қазан күні кешке жас жігіттің денесі өз пәтерінде асылып тұрған күйінде табылған еді. Марқұмның қолдары байланған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өлімнің себебі – механикалық асфиксия.

Жас жігіт қазасынан бір күн бұрын анасының қоңырауларына жауап бермеген.

Қайғылы оқиғадан бұрын оның анасына ұлының досы хабарласып, 95 млн теңге қарызы бар екенін айтқан. Одан кейін қарызды төлеуге 5 күн уақыт берген. Қатты алаңдаған анасы ұлының пәтеріне барып, оны қолдары байлаулы, асылып тұрған күйінде тапқан. Іс бойынша үш сараптама жүргізілген. Олардың барлығы жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсағанын растаған”, – деп жазды аталған басылым.


Айта кетейік, әлеуметтік желіде Аруна есімді бойжеткен марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі екенін айтып, естеліктерін бөліскен еді.

“Сен менің жүрегімде өшпес із қалдырдың. Сол махаббат мәңгі өмір сүреді. Сіз менің өміріме әкелген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жатқан жерің жайлы болсын, жаным!”, – деп жазды бойжеткен.

Другие новости

Back to top button