Ақша

5 және 10 мыңдық ескі купюраларды қазақстандықтар енді не істейді

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов ескі купюралары бар қазақстандықтарды алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында журналистер жаңа банкноттардың шығуына байланысты 5 және 10 мыңдық ескі купюралар әлі қанша уақыт айналымда болатынын сұрады.

«Купюралардың қатар жүретін кезеңі болады. Біз ескі купюраларды тезірек әкеліңдер деп ешкімді мәжбүрлемейміз, әдейілеп ауыстырмаймыз. Олар екі жыл бойы қатар жүреді, ал кейін ескілері толығымен жойылғанша қабылдана береді. Алаңдаудың қажеті жоқ. Егер сізде 5 және 10 мыңдық ескі купюралар болса, ешқандай қиындықсыз онымен төлей аласыз. Ал аяқталғанда, банктер оны қабылдап, жаңасына ауыстырып береді», — дейді Сүлейменов.

Другие новости

Back to top button