Биыл Қазақстанда қандай жолдар салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады.
4700 ШАҚЫРЫМ
Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.
2025 ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ ЖОЛДАР САЛЫНАДЫ
- Қызылорда – Жезқазған (208 км)
- Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
- Қарағанды – Жезқазған (572 км)
- Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)
- Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)
- Қызылорда – Сексеуіл (470 км)
- Атырау – Доссор (86 км)
- Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)
- Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
- Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)
- Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)
- Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)
- Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)
- Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)
- Атырау – Шапай (136 км)
- Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)
- Алматы – Үшқоңыр (48 км)
- Бейнеу – Сексеуіл (736 км)
- Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)
Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге инвестиция көзделген. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.