Главное
46 градус ыстық, жаңбыр, шаңды дауыл – алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі.
«5 шілдеде республиканың солтүстігінде, 5-6 шілдеде шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
5 шілдеде еліміздің шығысында күндіз өте қатты ыстық – 40-42°С, оңтүстігінде – 45-46°С, оңтүстік-шығысында – 40-45°С болады деп күтіледі. Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі болжанбайды», – делінген синоптиктер болжамында.