Главное
44 градус ыстық болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
«Күндіз 16-17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында өте қатты ыстық – 39-44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. Оңтүстікте 40-44°С, оңтүстік-шығыста 40-42°С, солтүстік өңірлерде 30-35°С, ал шығыста 35-38°С қатты ыстық күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.