ГлавноеГосорганы

Самат Әбіштің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «Қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты”, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Еске сала кетейік, кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.

Другие новости

Back to top button