Главное

41 градус ыстық болады: 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мамандардың болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, шаңды дауыл, екпінді жел, тұман және +41°С-қа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысында найзағай болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстіктен соғады, екпіні 20 м/с-ке дейін.

Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел – солтүстік-шығыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады, оңтүстігінде екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді. Солтүстігі мен шығысында – жоғары, батысы мен оңтүстігінде – өте жоғары өрт қаупі.

Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі. Жел – солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Жезқазғанда – 35°С ыстық, өте жоғары өрт қаупі.

Павлодар облысында найзағай, түнде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел 20 м/с-ке дейін жетеді. Оңтүстігі мен шығысында – жоғары өрт қаупі.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетіп, +35°С ыстық болады. Облыс бойынша – жоғары өрт қаупі.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 20 м/с-ке дейін.

Алматыда – өте жоғары өрт қаупі.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Жел – солтүстік-шығыстан, шығысы мен солтүстігінде екпіні 20 м/с-ке дейін. Талдықорғанда – +35°С ыстық.

Жамбыл облысында ыстық +41°С-қа дейін күшейеді. Жел – солтүстік-шығыстан, екпіні 25 м/с-ке дейін. Өте жоғары өрт қаупі.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл болжанады. Жел – солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с. Ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында +36…+41°С ыстық сақталады. Сол сияқты шаңды дауыл болжанады. Жел – солтүстік-шығыстан, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ке дейін. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте – +40°С ыстық, жел 20 м/с-ке дейін.

Ақтөбе облысында +38°С-қа дейінгі ыстық күтіледі, жоғары өрт қаупі.

Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыстан, шығыстан, екпіні 20 м/с-ке дейін. Ыстық +38°С-қа дейін.

Атырау облысында күндіз найзағай күтіледі. Облыс бойынша +35…+39°С қатты ыстық болжанады. Өте жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыстан, 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы +38…+40°С-қа жетеді. Ақтауда – өте жоғары өрт қаупі.

Другие новости

Back to top button