Социум

40°С ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет мамандары еліміз бойынша 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Бұл атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты. Сол себептен жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді.

Ал Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Атап айтқанда6 еліміздің батысында +30+39 °С-қа дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С-қа дейін, солтүстікте +23+30 °С-қа дейін, орталықта, шығыста +25+33 °С-қа дейін, оңтүстікте +35+40 ° С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +28 + 35 °С-қа дейін болжанған

Другие новости

Back to top button