-40°C дейін суиды: алдағы күндері қақаған аяз түседі
Алдағы күндері кейбір өңірлерде минус 40 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
23-24 ҚАҢТАР
Арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендей түседі. 23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсер етіп, бұл аймақтарда қар, кей жерлерде қар қатты жауады. Ал қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады.
БҰРҚАСЫН, ЖЕЛ
Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжанып отыр.
ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША
Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз.
Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейіп, қатты аяз болады.
Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус шамасында сақталады.