Образование
4-сынып оқушыларына арналған үй тапсырмасырмасы ата-аналардың наразылығын тудырды

«Дүниетану» пәні бойынша үй тапсырмаларының бірі қазақстандықтардың таңданысын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқулықта отбасы бюджетіне сараптама жүргізу жайлы тапсырма берілген. Сондай-ақ ата-анасының шығындарын да есептеу керегі жазылған.
«Салық комитеті балалар арқылы ата-анасының кірісі мен шығынын біліп алғысы келетін сияқты», – дейді жазба авторы.
Сурет желіде тараған соң қазақстандықтар мұндай тапсырманың орынсыз екенін айтып, наразылықтарын білдірді.
«Төртінші сынып оқушысы мұны қайдан білсін?», «1-сыныптың «Дүниетану» оқулығындағы 88-бетті ашыңдар. Ол жерде баладан ата-анасының қандай тәсілмен төлем жасайтынын сұраған: карта арқылы, мобильді аударым немесе қолма-қол ақша», «Ата-анасының несиесі, коммуналдық төлем есепшоты жайлы балалар қайдан білсін», – деп жазды желі қолданушылары.