Образование
4 мыңнан астам талапкерге бос білім гранттары тағайындалды
Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттарды тағайындау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді. Комиссия шешімімен 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады», — делінген министрлік хабарламасында.
Грант иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және https://t.me/gylym_jogary_bilim Телеграм-каналында жарияланады.
Ал грант сертификаттарын https://certificate.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.