Госорганы

«4 жылдың орнына 81 күн»: Пара алғаны үшін сотталған бұрынғы вице-министр бостандыққа шықты

2,5 айдан кейін экс-шенеунікке 66 млн теңге айыппұл салынды

Төрт жылдың орнына екі жарым ай. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Қаржы вице-министрі үкімнен 81 күн өткен соң бостандыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Еркебаев 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Сот оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бірақ 2,5 айдан кейін бұрынғы шенеунікке 66 млн теңге айыппұл салынды. Тиісті қаулыны елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы шығарды.

 

Другие новости

Back to top button