Нур-Султан

«4 жігіт қинап өлтіріп, 9-қабаттан лақтырған»: Астанадағы оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді

Әлеуметтік желіде өзінің баласын төрт жігіт қинап өлтіргені жайлы ананың жанайқайы жарияланған видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің 19 жастағы баламды 4 бала қинап өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жіберген. Осылай жалғаса берсе, елде жастар қалмайды. Анамын, мен шырылдап отырмын. Төрт балам бар. Олар ішпейді, шекпейді. Академияда оқып жүр. Ішті, өзі кінәлі деп бар кінәні өзіне тақпақшы. Заң қайда? Заңнама бойынша осы балалардың жазасын берсін дегім келеді», — дейді қайтыс болған жігіттің анасы.

Астана қаласының полиция департаменті 19 жастағы жігіттің қаза болғанын растап отыр. 13 қазанда «102» арнасына мәйіт жайлы хабарлама келді. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін қайтыс болған адамның жеке басы анықталған.

Алматы ауданының полиция басқармасы қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Болған оқиғаның мән-жайы белгіленеді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button