Госорганы

4-5 күнде Абай облысындағы орман өрті толықтай сөндірілуі мүмкін – министрлік

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы орман өрті қашан толықтай өшірілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазіргі кезде өрт оқшауланды. Кеше кешкі сағат 9-да бұл ақпаратты хабарладық. Алайда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қызыл жалынды толық сөндіруге керек күш пен құралдар бар. Басшылық сонда жүр. Өрт шарпыған жалпы аумақ 60 мың гектар болған. Өрт толық өшкен жоқ. Бірақ оны оқшауладық», — деді И. Күлшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар қатар ол орман өрті толықтай қашан өшуі мүмкін екенін айтты.

«Алдағы 4-5 күнде өрт толықтай сөндірілуі мүмкін», — деді вице-министр.

Другие новости

Back to top button