Абайская область

4 000 тонна су төгілді: Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.

Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Каштак орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақытылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ.

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгу үшін тікұшақтар тартылды. Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет су төгілді, жалпы көлемі – 1 500 тоннадан астам. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет су төгілді, жалпы көлемі – 4000-ға тоннаға жуық.

Осыған дейін жедел желіге 150 қоңырау түсті. ТЖД жедел желі телефоны: 8 722 235 38 31.

Еске салайық, 8 маусым күні тұтанған«Семей» орманы резерватындағы өртпен күреске жұмылдырылған 14 орманшы қаза болған еді. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.

12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Другие новости

Back to top button