Қазақстанда мұнай өндірісі неге төмендеді
Энергетика министрлігі елімізде мұнай өндірісінің төмендеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қазақстанда соңғы уақытта әртүрлі себептерге, оның ішінде энергия көздеріндегі аварияларға, сондай-ақ кен орындарында ағымдағы және күтілетін жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты өндірудің төмендеуі байқалуда, бұл тұтастай алғанда республиканың ОПЕК+ келісімі аясында өзіне қабылдаған міндеттемелерді сақтау жөніндегі ниеттерін іске асыруға ықпал етеді”, – делінген хабарламада.
Ведомство республика мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, міндеттемелердің сақталуына мониторинг жүргізуді және өндіруді одан әрі төмендету бойынша консультацияларды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда мұнай өндіру 2023 жылғы маусымда 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 3,2%-ға төмендеп, 6,4 млн тоннаны құрады.
Жуырда елімізде мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін қысқарту мерзімі 2024 жылдың соңына дейін ұзартылатыны хабарланған.