Главное

365 мың адамның мойнында бес жылдан бері төленбеген қарыз бар – вице-министр

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде қазақстандықтардың мойнындағы проблемалық борыштар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«1 қазандағы жағдай бойынша, 1,4 млн қазақстандықтың мойнында жалпы сомасы 1 трлн 450 млрд теңге болатын қарыз бар. Оның бәрі төлемі 90 күннен артық кешіктірілген қарыз болып есептеледі», — деді вице-министр.

 

Айтуынша, бұл жағдай Үкіметтің Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуіне себепкер болған.

 

«Осы санаттағы азаматтардың ажғдайын жақсарту үшін Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы әзірленді. Осы азаматтардың ішінде қарызы төленбегенінен 5 жылдан астам уақыт өткен 365 мың адам бар. Олардың қарызының жалпы сомасы — 504 млрд теңге болған. Бұл проблемалық қарызы бар азаматтардың 28 пайызы деген сөз. Бұл статистика халықтың мойнындағы қарыз проблемасын заңмен реттеу қажеттігін көрсетіп отыр. Заң жобасы біздің тарапмымыздан басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерінен жұмыс тобын құру арқылы жасалды», — деді Ержан Біржанов.

Другие новости

Back to top button