Госорганы

30 млн теңгеден асатын қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған — МКК

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті 30 млн теңгеден асатын қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым бар-жоғына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсыруға тиіс.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі тиіс.

Бұл ретте, заңнамада 10 000 АЕК-тен астам қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған» делінген хабарламада.

Осыған байланысты жеке тұлғалар ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сақтау мәселелерін, сондай-ақ олардың сомасын өздері шешуге құқылы.

Другие новости

Back to top button