Госорганы

30 жылда ауылдың жері көрінгеннің қолында кеткен – Бақытжан Базарбек

Ол жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет екенін айтты

Мәжіліс депутат Бақытжан Базарбек жер саласындағы олигархтар мен сыбайластык жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлады Azattyq Ryhy.

«Жер реформасын бастау керек және жер реформасынын негізгі бағыты жер саласындағы олигополиядан шынайы арылу керек, жер саласындағы монополиялардың қалыптасуына құқықтық жолмен тойтарыс беруіміз қажет. 30 жыл бойы ауылдың жері көрінгеннің қолында қолды болып кеткен. Зансыз халықтың ауыл шаруашылық жерлеріне ие болғандар оны игермей, дереу оны сатуға не банкке кепілге қоюға тырысатын. Екі ортада сыбайлас жемқорлықтың нәтижесінде зардап шеккен қарапайым халық және мемлекеттің муддесі. Сондыктан да алдағы уақытта жер саласындағы халық үшін түбегейлі реформа қажет. Реформаның негізгі мақсаты халықтың жер қатынастарында құқықтарын күшейту және мемлекеттік қорғау болу керек», — деді ол.

Ол жер саласында кәсіби сарапшы ретінде бірқатар шешім ұсынды.

«Біріншіден, жер кадастрының ашықтығын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық мақсатындағы жер иелері аты-жөндерінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Мыңдаған, миллиондаған жерлердің иелерін біз және Қазакстан халқы білу қажет. Екіншіден, жерге бақылау жасайтын мемлекеттік орган әкімге де, ауыл шаруашылық министрлігіне де бағынбайтын, дербес, Үкімет құрамына кіретін тәуелсіз, дербес Жер ресурстарын басқару Агенттігін құру қажет. Үшіншіден, мемлекеттік жер кадастрін бір қолға беру қажет, яғни Цифрлық даму министрлігінен жер ресурстарын басқару Агенттігіне беру қажет. Төртіншіден, жер саласындағы сыбайластық жемқорлық пен жерге қатысты жасалған махинациялардың алдын алу үшін тергеу шараларын ұйымдастыру кезінде жемқор шенеуніктердің өз атында рәсімделген және заңсыз шығарылған жерлерін тәркілеп қана қоймай, жерді тәркілеу шарасын олардың әйелдері, ата-анасы, жақын бауырлары мен балаларының атында рәсімделген жерлерге тарату кажет», — деді ол.

Бақытжан Базарбек атағандай, «Казақмыс» корпорациясы, «Арселор Миттал Темиртау», «ТенгизШевройл», Карашығанак сияқты ірі компаниялардың жер қойнауы контрактілері мен жекешелендіру шарттарын жариялауымыз қажет.

«Алтыншы, жер саласындағы сыбайлас жемқорлық пен жерге қатысты жасалған махинацияларды алдын алу үшін ЕГКН электрондық порталдың платформасында заңсыз шығарылған әкімдердің қаулылары мен алаяқтықпен жерге қатысты  жасалған шарттарды онлайн мемлекеттік тіркеуді бұғаттау және бас тарту жүйесін енгізу керек», — деді депутат.

Другие новости

Back to top button