ГлавноеГосорганы

«25 қазан күні митинг өтеді»: Алматы мен Астана әкімдіктері митинг өткізуге өтініш түспегенін айтты

Астана мен Алматы әкімдіктеріне 25 қазанда митинг өткізуге өтініштер түскен жоқ. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Пайдаланушылар TikTok желісінде 25 қазан — Республика күніне жоспарланған митингілер туралы көптеген бейнелер пайда болғанын атап өтті.

Сондай-ақ олар митинг кезінде жалақы, медицина, білім салаларына қатысты мәселелерге тоқталатынын атап өткен.

“Экспорттық кәсіпорындарындағы жалақыны орташа 1 миллион теңгеге, кемінде 500 мың теңгеге дейін  жоғарылатсын. Зейнеткерлерге қосымша 150 мың теңге зейнетақы берілсін. Әлеуметтік төлемдерді көтерсін. Мысалы, мүгедектікке: 206 040 теңге, балалар: 35 350 теңге – 4 жасқа дейін; жаңа туған нәрестелерге: 202 000 теңге; жұмыссыздық үшін: 75 750 теңге төленсін. Барлық тұтынушылық несиелері кешіріліп, тегін медицина және біліммен қамтамасыз етсін. Сондай-ақ утильсбор — қайта өңдеу жинағы жойылып, яаяси тұтқындарға бостандық берілсін», — деген талаптарымен алаңға шығатынын айтты.

@tleuliyevzk25 ҚАЗАН САҒАТ 12:00 МИТИНГ 1. ЭКСПОРТТЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЖАЛАҚЫ: ОРТАША 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КЕМІНДЕ 500 МЫҢ ТЕҢГЕ 2. ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ ҚОСЫМША 150 МЫҢ ТЕҢГЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ 3.❗️ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ КӨТЕРСІН: МҮГЕДЕКТІККЕ: 206 040 теңге БАЛАЛАР: 35 350 теңге – 4 жасқа дейін ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕР БОЙЫНША: 202 000 теңге ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҮШІН: 75 750 теңге 4. БАРЛЫҚ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕР КЕШІРІЛСІН 5. ТЕГІН МЕДИЦИНА МЕН БІЛІМ 6. УТИЛЬСБОР — ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖИНАҒЫ ЖОЙЫЛСЫН 7. САЯСИ ТҰТҚЫНДАРҒА БОСТАНДЫҚ

♬ оригинальный звук — ЗАМАНБЕК ТЛЕУЛИЕВ

Алайда екі мегаполис басшылығы митинг туралы хабарландыруларды жоққа шығарып, ешқандай өтініш түспегенін хабарлады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 25 қазанында қазақстандықтар Республика күнін еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет атап өтті. Бір күн бұрын, 23 қазанда Қазақстанның Бас прокуратурасы «заңсыз митингілерге» бармау туралы ескерту жасап, әлеуметтік желілерде кейбір «арандатушылықтар» туралы хабарлаған.

Другие новости

Back to top button