2025 жылы студенттерге арналған стипендия мөлшері қаншаға артқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеп отыр.
“2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
- бакалавриат – 52372 теңгеге дейін
- педагогика және медициналық бағытында білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін;
- магистранттарға – 117 098 теңгеге;
- докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі”, – делінген министрлік хабарламасында.
Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады. Стипендия алудың төменгі шегі – 70 балл болса, жоғары шәкіртақы алу үшін семестр бойынша қорытынды баға – 90 баллдан жоғары болуы қажет.